Танымал ММА файтері жазасын қатал тәртіптегі түзеу мекемесінде өтемек

10 тамыз 2022 15:22
©instagram.com/chorsh_pm__/

Аралас жекпе-жектегі танымал файтерлердің бірі Чоршанбе Чоршанбиев Тәжікстанның ең қатал тәртіптегі түзеу мекемелерінің біріне ауыстырылды, деп хабарлайды MMA Russia.

Чоршанбиев ғаламтор арқылы ел конституциясына күшпен өзгеріс енгізуге халықты үгіттегені үшін сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Жазасын ары қарай өтеу үшін ол қатал тәртіптегі ходжандық түзеу мекемесіне ауыстырылды.  

2018 жылы қарашада жазасын өтеушілер арасында дүмпу болып, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан. Олардың ішінде екі түрме қызметкері бар. 

Қоса кетейік, файтер ММА-де он кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен. Алайда памирлік спортшы өз атын аудиториясысы басқа поп-ММА арқылы шығарған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: