Танымал файтер UFC ұйымынан кеткенін хабарлады

1 желтоқсан 2022 22:57
©UFC

Танымал америкалық файтер Нейт Диаз UFC ұйымынан кетті. Бұл туралы UFC Roster Watch хабарлады. 

Осылайша, Диаз еркін агент болды. Жуырда ол жаңа промоушенмен келісімшарт жасауы да мүмкін. 

UFC ұйымындағы соңғы жекпе-жегін Диаз Тони Фергюсонға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді. Бұл айқастың төртінші раундында Нейт қарсыласын "қылқындырып" тастады. Содан соң Дана Уайт та оның кететін хабарлаған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: