"Тамаша жетістік, дегенмен...". Сарапшы қазақ спортшының тумен ойнаған бразилиялықты жеңгеніне қатысты

Автор:
24 мамыр 2021 17:04
Сурет: MMA Junkie©️

Ресейлік қазақ Дамир Исмағұловтың жарақатынан кейінгі шаршы алаңға оралуы екі ұдай пікірлер тудырды. MMA Plus порталының британиялық журналисті Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшының кейінгі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

 Дамир өткен демалыста бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңді. Бұл қазақ спортшының бір жарым жыл үзілістен кейінгі UFC промоушеніндегі төртінші жекпе-жегі. Ол барлығында жеңіске жеткен. 

"Рафаэль Алвес айқасты жақсы бастады. Ол қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсіре алды. Бірақ салқынқандылық жетпеді. Екінші раундта жекпе-жек барысы өзгерді. Тәжірибесі мол Исмағұлов бәрін өз қолына алып, қарсыласының өзін есеңгіретті. Ол жылдамырақ болды және дәлірек ұрды. Соңына қарай тамаша қорғаныс көрсетіп, артықшылығын байқатты.

Ұзақ үзілістен кейінгі жеңіс - тамаша жетістік. Ал кемшіліктен нокдаун ғана боды. Бұл айқаста Дамир есеңгірейді деп ойламадым. Дегенмен енді ол күш алып, үлкен айқастар өткізе алады", - дейді Смит.