"Тағы не керек?". Рахмонов UFC-ге үн қатты

1 қаңтар 2023 12:49
©UFC

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне қатысты UFC-ге үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шавкаттың негізгі қарсыласы Джефф Нил жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Бұл кездесу 14 қаңтар Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турнирінде өту керек болған.

Осыдан кейін Рахмоновты өзге америкалық Брайан Барберена жекпе-жекке шақырып, аралық салмақта жұдырықтасуды ұсынды. 

Қазақстандық файтер бұған келісіп отыр және ол Вегастағы турнирді өткізіп алғысы келмейтіні анық.

"UFC, мен дайын, ол дайын, тағы не керек?" - деп жазды Рахмонов Instagram желісінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport