Тағы бір қазақ UFC-мен келісімшартқа отырды

©OCTAGON

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм 16-0 рекордтық көрсеткішімен UFC-ге ауысты. Бұл туралы OCTAGON лигасы ресми түрде хабарлады.

Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лигаға әлемнің үздік промоушені есік ашты. Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON лигасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі, - деп жазды лига.

Айта кетейік, осыған дейін UFC ұйымымен Асу Алмабаев келісімге қол қойған еді. Екі спортшы да ең жеңіл салмақта бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: