Тағы бір қазақ UFC-дегі алғашқы айқасына дайындалып жатыр

19 шілде 2023 13:30
©instagram.com/asu_zulfikar57/

Желіде Асу Алмабаевтың жаттығуынан видео пайда болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақ файтер UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда. 

5 тамыз Нэшвиллде Асу UFC-де 2020 жылдан өнер көрсетіп келе жатқан 31 жастағы Оде Осборнмен жұдырықтасады. 

Алмабаев қазір АҚШ жерінде дайындығын пысықтап жатыр. 

Айта кетейік, Нэшвиллдегі UFC Fight Night 225 турнирінің басты айқасында Умар Нурмагомедов пен Кори Сэндхаген кезігеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport