Тағы бір қазақ спортшы UFC-ге жолдама жеңіп алды

26 сәуір 2022 07:45
©Видеодан жасалған кадр

Қытайда туған қазақ Мақсат Қайсар (6-1) Dana White's Contender Series (Дана Уайттың үміткерлер сериясы) турнирінде сәтті өнер көрсетіп, UFС промоушеніне өтеді, деп хабарлайды Sports.ru.

Қайсардың бірінші қарсыласы Стив Гарсия (12-4) болуы ықтимал, ал жекпе-жек Сингапурде өтетін UFC 275 турнирінде болатынға ұқсайды.

Бұл жарыс 11 маусымға жоспарланған, оның басты айқасында ауыр салмақтағы Гловер Тейшейра мен Иржи Прохазка жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: