MMA
6 желтоқсан 2022 18:19

Таеквондодан Гран-при финалына қатысатын қазақстандықтар белгілі

©kazsports

 8-10 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта таеквондодан Гран-При кезеңінің финалы өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының сайтына сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасына рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын турнирге әлемдік таеквондо жұлдыздары қатысады. Ал бұл аламанда Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Олар: Жансел Дениз (+67 келі) бен Смайыл Дүйсебай (+80 келі).

Жалпы Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта (ерлер 4, әйелдер 4) 40 елдің 128 даянг шебері жылды қорытындыламақ. Ұпайдан бөлек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады. Сондай-ақ, 10 желтоқсанда кешке World Taekwondo Gala Awards Гала-кеші өтеді. Мұнда биыл алғаш рет пара-таеквондо спортшылары мен олардың бапкерлері марапатталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport