Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Николай Веретенников (14–7) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде америкалық Нико Прайсты (16–10) мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын тік тұрған күйінде нокаутқа түсірді.
Бұл Николай Веретенников үшін кәсіпқой карьерасындағы 14-жеңіс болды. Қазіргі таңда оның еншісінде жеті жеңіліс бар. Ал Нико Прайс өз кезегінде 16 жеңіспен қатар оныншы рет жеңілді.
Айта кетейік, жекпе-жекке үш апта қалғанда келіскені үшін Веретенниковке UFC ұйымы тағы төрт айқасқа келісімшарт ұсынды.