MMA
17 маусым 2022 10:57

Спортшы салмақ лимитіне жету үшін шашы мен сақалын қырып тастаған

©Sherdog.com

ММА файтері америкалық Джереми Стивенс жеңіл салмақ лимитінен асып кетпес үшін басын тақырлап, сақал-мұртын қырған екен. Бұл туралы "Вестник MMA" телеграм арнасы хабарлап отыр.

Стивенс салмақ өлшеуге әдетте өсіріп жүретін сақалын және шашын тақырлап келіпті. Таразыда ол 70,76 келі тартқан - бұл титулды емес айқастарға лимиттің шегі екен.

 

18 маусымда өтетін PFL 4: 2022 Regular Season турнирінде ол ирландиялық Майлс Прайспен жұдырықтасады.

Стивенс ММА-дегі карьерасын 2005 жылы бастап, UFC-де өнер көрсеткен, алайда, 2022 жылы қатарынан бес жеңілістен кейін әйгілі промоушеннен шығып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport