"Сөзінде тұрмайды". Белгілі файтер UFC-ден кету себебі жайлы

28 шілде 2022 08:13
©РИА Новости

Жартылай жеңіл салмақтағы дағыстандық файтер Забит Магомедшарипов UFC ұйымынан неге кеткенін айтты, деп хабарлайды sports.ru.

"Бірінші кезекте бас тартулардан, екі жыл жекпе-жек өткізе алмадым. Одан кейін жарақаттар басталды, ауырдым, қалыпқа келдім. 

Негізі дұрыс айқас болмағандықтан кеттім, белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік бермейді. Бір нәрсені уәде етеді де, іс жүзінде істегендері басқа. Сөзінде тұрмайды. Соған ашуландым", - дейді спортшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар