Единоборства
16 қыркүйек 2020 09:53

"Сөзімді қайтып алмаймын". Қуат Хамитов полиция босатқаннан кейін тағы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов тағы мәлімдеме жасады. Ол айтқан сөзінен таймайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қуат Хамитов Instagram желісінде жаттығудан кейін видео жариялап, келесі кездесуі Мәскеуде 25 қыркүйекте өтетінін айтты. Сондай-ақ ол өзін қолдаған қазақстандықтарға алғыс білдірді.

"Менің айтқандарыма келетін болсақ, ешкімді ұрудың, ешкімге оқ атудың қажеті жоқ. Дені дұрыс адамдар қалжың ретінде айтылғанның бәрін біледі және түсінеді. Сөзімді қайтып алмаймын, мәні солай қала береді. Дезинфекцияны біз қалағандай етіп жасайтынына әлі де күмәнім бар. Сондықтан сөзімнен бас тартпаймын, тек мұны терроризм, экстремизм деп ойлағандар бар екен. Бірақ бәрі жалған, менің тарапымнан ешқандай экстремизм жоқ. Мен халықпен біргемін, әрдайым бетбітшілік болғанын қалаймын", - деді Қуат Хамитов.



Еске салайық,  14 қыркүйекте Қуат Хамитовтың видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсұнбауға шақырған видеосы таралған еді.