Соты өтіп жатқан Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

19 қаңтар 2021 10:43
Сурет: Instagram/ kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, кеше Алматыда спортшыға қатысты сот отырысы өтіп жатқаны белгілі болды. Хамитов дезинфекторларды ұрып-соғу мен тікұшақтарды атуға шақырғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Күресуге тұрарлық болса, жалғыз да айқасуға болады!" - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде. Сондай-ақ, ол #Бастысы_улау_мен_халықтың_жаппай_өлімін_тоқтаттық деген тег қосыпты.