Сора Рахмонованы UFC жұлдызының қарындасымен айқасқа шығару ұсынылды

30 маусым 2023 14:19
©

25 жастағы Сора Рахмонова (4-1) UFC-ге өтуге дайындалып жүр, дегенмен жанкүйерлер оған қарсылас тауып қойыпты. Twitter желісін қолданушылардың бірі Шавкат Рахмоновтың (17-0) қарындасы мен орта салмақтағы бұрынғы чемпион Алекс Перейраның (7-2) қарындасын айқасқа шығаруды ұсыныпты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен БӘРІ үшін айтамын, әйелдердің ең жеңіл салмағында осы жекпе-жекті өткізу керек", - деп жазыпты ол. 

Рахмоновтың қарындасы Сора Дана Уайттың үміткерлер сериясында (DWCS) жұдырықтасатын болды. 26 қыркүйек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) ол литвалық Эрнеста Карецкайтемен (4-0-1) айқасады. Осы жекпе-жек жеңімпазы UFC-мен келісімшартқа отыруы мүмкін. 

Ал 32 жастағы Алин Перейра (1-1) жылдан бері 2021 кикбоксинг ережелерімен жекпе-жек өткізіп келді. Ал аралас жекпе-жекке былтыр ғана өтіп, бір жеңіп, бір жеңілді. Қазіргі таңда ол Legacy Fighting Alliance (LFA) лигасында өнер көрсетіп жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: