"Соңына дейін барамын!". Жұмағұлов UFC-де нокаутпен жеңлгеннен соң алғаш рет ойын айтты

7 желтоқсан 2021 16:09
©instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымында нокаутпен ұтылған кездесуіне байланысты алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Спортшы үйіне аман-есен жеткенін айтып, қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге алғысын білдірді. 

"Үйге жеттім. Менде барлығы жақсы. Көп адам жазып, уайымдап жатыр екен. Рақмет, мен мұндай сәтте қуанып қаламын. Қолдау керемет. Менде барлығы жақсы. Аман-есенмін. Мен оңайлықпен беріле салатын адам емеспін. Соңына дейін барамын. Демалып, өз-өзіме келіп, мықты болып ораламын. Маған әлі талай дүние істеп, дәлелдеу керек. Мен сынып қалатын адамдардың қатарынан да емеспін. Әрине ешкімнің жеңілгісі келмейді. Дегенмен барлығы Жаратушының қолында. Маңдайыма осылай жазылған шығар - жеңілдік. Ештеңе етпейді, қайта ораламыз. Барлықтарыңызды құшақтадым. Шын жүрекпен жазып жатқан барлықтарыңызға рақмет. Шынымен жеңіске жетіп, сіздерді қуантқым келген еді", - деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасындағы Stories-те. 

Еске салайық, Жұмағұлов UFC ұйымында бірінші рет нокаутпен жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: