"Соғыс әлі аяқталмады".Жұмағұлов карьерасына қатысты тың мәлімдеме жасады

23 қараша 2022 15:45
©UFC

UFC ұйымында өнер көсертетін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов карьерасына қатысты тың мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Бір мезетте қарсыласпен және төрешілермен төбелесу қиын. Мен жолым жалпы жеңіл емес. Карьерамның барлық кезеңінде қиындықтардан өттім. Төрешілер қағаз жүзінде менің рекордымды бұзған шығар. Бірақ жанкүйерлер менің қай кездесулерде жеңіске жеткенімді біледі. Соғыс әлі аяқталмады", - деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, өткен жексенбі күні Жұмағұлов UFC ұйымында америкалық Чарль Джонсоннан төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Сол айқастан кейін ол карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport