"Содан кейін карьерасын аяқтайды". Зубайра Тухугов Хабибтің UFC-ден кететін нақты уақытты айтты

25 қыркүйек 2020 13:35
Сурет: FightTime
Аралас жекпе-жектен шешенстандық шебер Зубайра Тухугов MMA Crazy Youtube арнасына берген сұхбатында жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтағанға дейін қанша жекпе-жек өткізетінін айтты. 

"Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін тағы бір кездесу өткізеді де, карьерасын аяқтайды деп ойлаймын. Өзімнің кездесуімнен кейін онымен бұл туралы сөйлесемін, сөйтіп келесі сұхбатымда айтып беремін", - деп береді Тухуговтың сөзін Sports.ru



Еске салайық, Хабиб - Гэтжи жекпе-жегі 24 қазан UFC 254 турнирінде өтеді.