"Шынымен бармай-ақ қояйын деп ойладым". Ресейлік файтер Қуат Хамитовке жауап берді
Ресейлік ММА файтері Александр Шлеменко қазақстандық Қуат Хамитовпен болатын алдағы жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Ресейлік ММА файтері Александр Шлеменко қазақстандық Қуат Хамитовпен болатын алдағы жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Бұл айқас 11 мамыр Екатеренборда өтетін RCC 19 турнирі аясында болады.
"Жаңа ғана Қуат Хамитовтың үндеуін көрдім. Қуаттың ынтасы тасып түр екен. Тіпті ауа райы да сені қолдап тұр екен ғой, иә? Басында ойладым, шынымен бармай-ақ қояйын ба деп, бірақ тым еркінсіп кетпесін деп келетін болып шештім.
Бәріне 11 мамырда Қуат Хамитовпен жекпе-жегім өтетінін еске салғым келеді. Бұл тамаша әрі қызықты айқас болады. Сондықтан 11 мамыр Екатеренборда көрісеміз. Қуат, жуырда келемін!", - деп береді Шлеменконың сөзін RCC.
Жарнама