MMA
9 қыркүйек 2020 17:15
 
Шейхтер Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға ниетті

  Пікірлер

blog.share

Шейхтер Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға ниетті Сурет: UFC

Абу-Даби қаласының басшылары жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен осы ұйымда екі салмақта чемпион болған ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға ниетті. 

Бұл туралы Абу-Даби қаласы туризм департаментінің басшысы Саид Аль Саид айтты. 

"Мұндай кездесуді қуана ұйымдастыратын еді. Біз ұйымдастыруға дайынбыз. Ұйымдастыра алатынымызға сенімдіміз. 

Менің ойымша, UFC басшысы Дэйна Уайт та бұл кездесуді ұйымдастырғысы келеді. Біз бұған дейін турнирлерді жылдам, әрі жоғары деңгейде өткізе алатынымызды дәлелдедік", - деді Аль Саид. 

Айта кетейік, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы кездесу 2018 жылдың қазанында АҚШ жерінде өтті. Бұл кездесудің төртінші раундында ресейлік спортшы қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғаған еді. Кездесуден кейін октогонда екі спортшылардың командасы арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде Нурмагомедов тоғыз айға шеттелсе, МакГрегор алты айға жекпе-жектен шеттетілді. 

Нурмагомедов келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Абу-Даби қаласында жоспарланған кездесуде ол америкалық Джастин Гэтжимен кездеседі. Ал МакГрегор болса екі ай бұрын карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады.

Жарнама

Живи спортом!