UFC-де өнер көрсететін америкалық файтер Белал Мухаммад Абу-Дабидегі турнирге Хабиб Нурмагомедовтің лагерінде қалай дайындалғанын айтып берді, деп хабарлайды Sports.ru.
"Түрлі залдарда болғанмын. Сондықтан Хабибтің командасы дайындығымыз өзгеше дегені шындық. Олар бала кезден дайындалады.
Хабиб залға кіргенде тәртіп орнаған әскер көргендей боласың. Оның үстіне бәріміз мұсылманбыз.
Алдымен бір-бірімізді әліміз біткенше қинап, кейін бірге намаз оқимыз. Жаратқанға жақындай түсеміз, бұл Америкадағы күнделікті стресстен құтқарады.
Басқа залда зауқың соқпай тұрса, жеңіл раунд үшін қандай жігітпен спарринг өткізу керегін білесің. Ал мұнда ондай жоқ, мұндағы әрбір жігіт - ол құбыжық, қай салмақта екені бәрібір. Техникасы мінсіз. Сондықтан мұнда жаттығу өте қиын", - дейді Белал.