Шетелдік сарапшы қазақстандық спортшының UFC-дегі келесі айқасында жеңу мүмкіндігі өте төмен екенін айтты

22 маусым 2021 16:36
Сергей Морозов. Сурет: Gabriel Gonzalez/Cageside Press

Cagesidepress.com порталының шолушысы Алекс Стивенсон қазақстандық Сергей Морозовтың 17-маусымда өтетін тегі ливандық Халид Тахамен айқасындағы жалғыз басымдығын атады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол германиялық спортшы жеңеді деген ойда екенін айтты. 

"Таха тәжірибелі файтер. Нокауттар пайызы жақсы, жалпы тамаша айқастар өткізген. Ал Морозовтан не күтуге болатынын білмеймін. Өткен жекпе-жегінде UFC-де ненің арқасында тұрақтай алатынын көре алмадым. Мүмкін осы жолы бәрі басқаша болар. Дегенмен көпшілік, оның ішінде мен де Халид жеңеді деген ойдамыз. Тәжірибе, дағдылары керемет, ал кемшіліктен бір жыл шаршы алаңға шықпағаны. Бірақ ол оралып, турнирдің ең жарқын айқасын көрсете алды. Морозовтың мүмкіндігі аз деген ойдамын. Бір жағынан одан не күтуге болатынын болжай алмаймыз. Бұл да бір басымдық", - дейді Стивенсон.

Еске салайық, қазақстандық спортшы промоушенде 20-қаңтар Абу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде бірінші айқасын өткізді. Ол Умар Нурмагомедов - UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісімен жұдырықтасқан. Үш раундқа есептелген айқастың екінші раундында Морозов тұншықтыру әдісіне түсіп қалды.