Нидерландылық шолушы Марсель Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында UFC-де алғашқы айқасында жеңіске жеткен Асу Алмабаевқа (18-2) баға берді.
Асу Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турнирінде ямайкалық Оди Осборнды (12-6) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
"UFC Қазақстанна тағы бір жұлдыз тапқан сияқты. Асу жекпе-жек басынан сенімді қимылдап, басымдықта болды. Оның артықшылығы төрешілер есебінде де, жанкүйерлердің назарынан да көрініп тұрды. Кештегі ең мықты айқас көрсеткен спортшыға берілетін сыйақы - қазақстандықтың қаншалықты мықты болғанын көрсетеді. Ол өзін толық ашып көрсету керек, ол үшін әлеуеті жетерлік", - дейді Дорф.