Еуропалық OKTAGON MMA-промоушені өте жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жекте жеңіске жеткен қазақстандық Жалғас Жұмағұловты (17-9) құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, ақтөбелік спортшы грузиялық чемпион Бено Адамияны (12-8-2) төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеудің жаңа иегері атанды.
"Бұл – жиырма бес минут бойы толық үстемдік еткен өнер көрсету болды. Енді ол өзінің титулын кімге қарсы қорғайды деп ойлайсыз?" - деп жазды лиганың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов бұған дейін UFC ұйымы аясында өнер көрсеткен. Ол әлемдегі ең атақты лигада жерде жеті жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетіп, алтысында жеңіліп қалған. Жалпы ММА-дегі карьерасында 17 жеңіс пен 9 жеңілісі бар. UFC ұйымымен жасалған келісімшарт 2023 жылы аяқталған болатын.
Оған дейін қазақстандық спортшы Fight Nights Global ұйымында сәтті өнер көрсетіп, 2018–2019 жылдары өте жеңіл салмақта чемпион болған еді.