MMA
30 маусым 11:08
 

Шетелдік лига Жұмағұловтың чемпиондық айқасына қатысты шешімін айтты

  Пікірлер

blog.share

Шетелдік лига Жұмағұловтың чемпиондық айқасына қатысты шешімін айтты ©

Еуропалық OKTAGON MMA-промоушені өте жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жекте жеңіске жеткен қазақстандық Жалғас Жұмағұловты (17-9) құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Еуропалық OKTAGON MMA-промоушені өте жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жекте жеңіске жеткен қазақстандық Жалғас Жұмағұловты (17-9) құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, ақтөбелік спортшы грузиялық чемпион Бено Адамияны (12-8-2) төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеудің жаңа иегері атанды.

"Бұл – жиырма бес минут бойы толық үстемдік еткен өнер көрсету болды. Енді ол өзінің титулын кімге қарсы қорғайды деп ойлайсыз?" - деп жазды лиганың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов бұған дейін UFC ұйымы аясында өнер көрсеткен. Ол әлемдегі ең атақты лигада жерде жеті жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетіп, алтысында жеңіліп қалған. Жалпы ММА-дегі карьерасында 17 жеңіс пен 9 жеңілісі бар. UFC ұйымымен жасалған келісімшарт 2023 жылы аяқталған болатын.

Оған дейін қазақстандық спортшы Fight Nights Global ұйымында сәтті өнер көрсетіп, 2018–2019 жылдары өте жеңіл салмақта чемпион болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!