Шетелдік жанкүйерлер Рахмонов-Чимаев жекпе-жегінің жеңімпазы кім болатынын айтты

11 сәуір 2022 19:19
sportsmanor.com ©

Аралас жекпе-жектің шетелдік жанкүйерлері қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) пен Швеция атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев (11-0) арасында жекпе-жек өткен жағдайда, кім жеңімпаз болатынын қызу талқыға салуда. 

"Рахмонов Чимаевты сабап тастайтынына сенімдімін! Дана Уайт, өтініш, осы жекпе-жекті өткізші!", "Шавкат Рахмоновтың Чимаевқа қарағанда болашағы зор!", "Мүмкін дивизиондағы ең ұлы айқас болады" - деген пікірлер жанкүйерлер кімге басымдық бергенін көрсетуде. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Хамзат Чимаев әлеуметтік желі парақшасында Рахмоновқа тіл тигізген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport