Шетелде жүрген Қуат Хамитов Атырауға көмек жіберді
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат "Найман" Хамитов су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары ауданына гумантиарлық көмек жөнелтті.
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат "Найман" Хамитов су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары ауданына гумантиарлық көмек жөнелтті.
Бұл туралы спортшының өзі инстаграм желісі арқылы хабарлады. Спортшының сөзінше ол қазір шетелде жаттығу жиынныда жүр. дегенмен әрдайым халқымен бірге.
"Елде болсам, Құлсарыға барып қызмет етуге болатын еді. Өкінішке қарай, қазір шетелде дайындықта жүрмін. Сондықтан, аз болса да халқыма, еліме пайдам тисін деп өз атымнан гуманитарлық көмек жіберіп жатырмын. Бұйырса алда өзге де судан зардап көрген Орал мен Павлодар облысына менен көмек болады", - дейді спортшы.
Жарнама