Шавкта Рахмоновтың жекпе-жегі 2023 жылдағы ең мықты айқастар рейтингіне кірді

29 желтоқсан 09:49
©twitter.com/connerburks

Спорт туралы жазатын ресейлік "Чемпионат" сайты 2023 жылы өткен ММА-ден ең мықты жекпе-жектер рейтінгін жасады, деп жазады Vesti.kz.

Бұл тізімге қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Джефф Нилмен өткен жекпе-жегі де кіріпті.

"Шавкат Рахмонов 2023 жылдың басында соққысы мықты Джефф Нилмен кездесуге мүмкіндік алды. Қазақстандық анық фаворит еді, бірақ іс жүзінде Шавкатта қиындықтар туындады. Рахмонов белдеспей, аяқта тік тұрып соққы алмасуға тырысты. Осылайша, тамаша айқас көрсеткісі келді. Солай болды да, екі файтер де бір-бірін есеңгірете отырып, үшінші раундқа дейін жетті. Одан кейін Рахмонов тұрған күйінде сабмишен жасады", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport