Шавкаттың UFC-дің жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі

©Тұрар Қазанғапов

Анахаймда өткен 298 турнирінен кейін UFC салмақ дәрежелері бойынша рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.

Жаңа тізімде қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап, үшінші сатыда қалды. Рейтинг көшбасшысы да сол күйі Камару Усман, ал одан кейін Белал Мухаммад тұр. 

Жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардс. Ал одан кейінгі топ-10 тізімде өзгерістер болды.

Ирландиялық проспект Йен Гэрри (14-0) төрт саты жоғарылап, қазір алтыншы тұр. UFC 298 турнирінде ол америкалық Джефф Нилді жеңді, кейінгісі сегізден тоғызыншы орынға сырғыды.

Сонымен бірге, Шон Брэди (7), Стивен Томпсон (8) және Висенте Луке (10) де төмендеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport