Канададағы Монреаль қаласында UFC 315 нөмірлі турнирі өтіп, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Белал Мухаммад (24-4-0-1) пен белбеуге үміткер Джек Делла Маддалена (18-2) арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
36 жастағы америкалық чемпион мен 28 жастағы аустралиялық үміткер арасындағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Бұл айқас толық өтіп, Делла Маддалена төрешілер шешімімен (48-47, 48-47, 49-46) жеңіске жетті.
Бұл Делла Маддаленаның карьерасындағы 18-ші жеңісі. Қазіргі таңда оның жеңістер сериясы 18 жекпе-жекке жетіп, UFC-дегі көрсеткіші 8-0 болып отыр.
Мухаммад үшін бұл белбеуді бірінші рет қорғау болатын. Алайда жеңіліске ұшыраған Белалдың 10 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясы үзіліп қалды.
Бұл жекпе-жек қазақстандық жартылай орта салмақ өкілі, осы дивизиондағы титулға басты үміткерлердің бірі саналатын Шавкат Рахмоновқа (19-0) үлкен мәнге ие еді. Бастапқыда Рахмонов Белалмен чемпиондық белбеу үшін кездесуі тиіс болған, алайда, жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Қазір "Номад" үміткерлер рейтингінде екінші орында тұр.