MMA
Бүгін 10:31

Шавкаттың қарсыласы UFC-дің экс чемпионын қулықпен жеңді деп айыпталды

©Fightnews.info

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы болған америкалық Белал Мухаммад Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 264 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриден жеңілгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Гэрри қалай жеңісуке жету жолын біледі"

"Саусағымен үш рет көзімнен нұқып алды. Мен айтқандай, Иэн Гэрри жеңіске жол табуды өте жақсы білетін ақылды спортшы. Ол көзді шұқудың жеңіске әкелетінін түсінді, әсіресе жекпе-жектің басында жасаса. Оның үстіне бұлай жасағаны үшін ұпай алынбаса. Ережелерді өзгерту керек. Мұның салдары болуы тиіс. Әйтпесе, жігіттер мұны жасай береді", – деп келтіреді Мухаммадтың сөзін Чемпионат.

Айта кетейік, жартылай орта дивизионда қазақстандық Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Ол 2024 жылдың желтоқсанында Гэрримен жекпе-жек өткізіп, ирландиялықты ұпай санымен жеңген еді. Сол кездесуден кейін Рахмонов жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ.

Гэрридің соңғы жеңісінен кейін ол UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орынға көтерілді, Рахмонов үшінші орында, ал Мухаммад бесінші орынға түсті. Дивизион чемпионы - Ислам Махачев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport