Мmadna.nl порталының тілшісі Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) пен америкалық Нил Мэгни (26-8) арасындағы айқас туралы ой бөлісті. Әңгіме барысында ол аталған жекпе-жекте кімнің фаворит екенін айты.
Айта кетейік, бұған дейін UFC ұйымының басшылары қазіргі уақытта Рахмонов пен Мэгни арасындағы кездесуді маусым айында ұйымдасыру үшін жұмыс істеп жатқаны айтылған еді.
"Қазір көпшілік Шавкаттың әр кездесуін асыға күтеді. Ол өзі өнер көрсететін салмақтың ең мықтыларының бірі. Дегенмен Рахмоновқа әлі шынайы мықты қарсылас бұйырмады. Оның кездесуін қарап отырып, кез-келген қарсыласты оңай жеңетін файтер деген ой келеді. Тәжірибелі Нил Мэгнимен кездесу - Шавкат үшін шыңға шығатын жолдағы тағы бір белес. 34 жастағы америкалық UFC ұйымында әжептеуір тәжірибе жинады. Жан-жақты файтер. Бірақ бұл кездесуде Рахмонов анық фоварит. Ол қарсыласты "шайнамай жұтады"", - деді Дорф.
Еске салайық, бүгінгі таңда екі файтер де орта салмақта үздік 15 спортшының қатарында. Рахмонов 15 орында тұрса, Мэгни тоғызыншы сатыға жайғасқан.