Шавкат Рахмоновтың үздік ондықтағы қарсыласпен айқас күні белгіленді

15 сәуір 2022 10:19
©instagram.com/mma_f1ghters_kz/

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (15-0) UFC-дегі келесі айқасының күні айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, Рахмонов пен америкалық Нил Мэгни (26-8) айқасы 25 маусымға белгіленген.

"Нил Мэгни мен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі 25 маусымда өтетіні хабарланды. @MMAJunkie Мен бұл айқасты қазірден сүйіп тұрмын, өйткені Мэгни кез келген қарсыласпен жұдырықтасатынын қайта дәлелдеп отыр", - деп жазыпты журналист Майк Бон.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport