Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (15-0) UFC-дегі келесі айқасының күні айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, Рахмонов пен америкалық Нил Мэгни (26-8) айқасы 25 маусымға белгіленген.
"Нил Мэгни мен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі 25 маусымда өтетіні хабарланды. @MMAJunkie Мен бұл айқасты қазірден сүйіп тұрмын, өйткені Мэгни кез келген қарсыласпен жұдырықтасатынын қайта дәлелдеп отыр", - деп жазыпты журналист Майк Бон.