Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімет пайда болды

23 тамыз 2022 14:01
©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) пен америкалық Стивен Томпсонның (16-6-1) кездесуі шамамен қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі mmanews.com сайтына сілтей отырып. 

Кездесудің нақты кестесі белгісіз, бірақ шамамен 2022 жылдың соңында болады деген болжам бар. Рахмонов - Томпсон жекпе-жегінің жеңімпазы жартылай орта салмақтағы үздік бестік қатарына кіруге үлкен мүмкіндік алмақ.  

Естеріңізге сала кетейік АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) өткен UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов екінші раундта америкалық Нил Мэгниді қылқындыру әдісімен жеңген еді. Осы кездесуден кейін қазақстандық файтер Томпсонды жекпе-жекке шақырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport