Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы допинг қолданып жұдырықтасқан

24 желтоқсан 2021 11:31
©MMA Junkie

Аралас жекпе-жектің бразилиялық шебері, UFC ұйымының 40 жастағы ардагері Мишель Празерес допинг-тесттен өте алмады, деп хабарлайды ESPN.

Сараптама қорытындысы оның қанында кломифен, оксандролон мен экзогеннді тестостерон барын көрсеткен. USADA спортшыны төрт жылға шеттеді. 

Празерес қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кейінгі қарсыласы. Маусымда ол қазақ спортшыдан жеңіліп, UFC-ден кеткен болатын. Ал қазір іскерлікпен айналысып жүр екен.

Бразилиялық спортшы екі жыл бұрын да допингпен шеттелген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport