Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі айқасына қалай дайындалып жатқаны белгілі болды

12 мамыр 2021 11:33
Сурет: "Чемпионат"©

DAR Team Pro командасының өкілі, жартылай орта салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов (13-0) Алматыдағы жаттығу жиынын аяқтады. Бұл туралы спортшы командасының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Шавкат Рахмоновтың Медеудегі жаттығу жиыны сәтті өтті. Екінші кезең Майамиде, ал одан кейін UFC-дегі жекпе-жек", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Рахмоновтың келесі айқасы 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Жеңілмеген қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Мишел Празерес (26-3). 

Шавкат әлемдік промоушенде былтыр қазанда өнер көрсете бастады. UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңді.