Шавкат Рахмоновтың соңғы қарсыласы жекпе-жектерден бір айға шеттетілді

11 ақпан 2022 13:46
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың соңғы қарсыласы гайаналық Карлстон Харрис жекпе-жектерден уақытша шеттетілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 6 ақпан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 47 турнирінде өтті. Рахмонов қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Жекпе-жектен кейін Неваданың Атлетикалық комиссиясы Харристі 7 сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттеті. Сонымен қатар, ол 23 наурызға дейін жаттығу жасап, спарринг өткізе алмайды. 

Негізі мұндай шара әр кездесуден кейін болып тұрады. Оны дәрігерлер спортшының қайта қалыпқа келуі үшін шығарған. 

Айта кетейік, бұл Рахмоновтың UFC ұйымындағы үшінші, жалпы карьерасындағы 15 жеңісі болды. Отандасымыз барлық айқастарын нокаутпен аяқтаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар