Шавкат Рахмоновтың "Сенсацияны" жеңуі қаншалықты мүмкін екені айтылды

22 маусым 2022 09:36
©UFC

Шавкат Рахмоновтың (15-0) Sanford MMA залындағы бапкері Саид Сапаров mmafighters.kz басылымына берген сұхбатында Нил Мэгниге (26-8) қарсы жекпе-жекке дайындық туралы айтып берді.

- Шавкаттың дайындығы қалай?

- Шавкат бабында, негізгі жаттығу жиынын Қазақстанда өткізіп, онда көп күресті. Мұнда Камару Усман, Мухаммед Берхамов, Джэйсон Джексон және Иэн Гарри сияқты орта салмақ мықтыларымен бақылау спаррингтері өтті.

- Ол қарсыласынан қай жағынан басым түсе алады?

- Шавкат жан-жақты және жеңіске ұмтылысы зор. Ең бастысы осы. Әлбетте техникалық жағынан да жан-жақты. Әрине Нил де мықты, кардиосы жақсы және үлкен тәжірибесі бар. 

- Рахмоновтың нокаутпен жеңу мүмкіндігі қандай?

- Шавкат қарсыластарды нокаутқа түсіруді мақсат етіп шықпайды, сәті солай түсуде. Алайда айқасты мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік туса, әлбетте оны жібермейді. Дегенмен жекпе-жек нокаутпен аяқтала бермейтінін жанкүйерлер түсіну керек. 

- Шавкаттың Усманмен спаррингтері туралы айтып беріңізші?

- Бұл барын салып айқасатын спарринг деуге келмейді. Усман өте ақылды жігіт, сондықтан бір шешім айту қиын. Шавкат бір-екі рет басым түскен, бірақ, Усман оған мүмкіндік берген болуы да мүмкін. ТОП-15 тізімге кірген жігітті байқап көру үшін. Жалпылай бұл екеуіне де пайдалы болды деп есептеймін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport