Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Құран оқу рәсімі бейсенбі, 13 тамыз күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы жаңалықтар порталы Ozgerisinfo Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Ақпарат қаралы ас берілетіні көрсетілген хабарландыру суретімен расталған.
Vesti.kz редакциясы бұл мәліметті Шавкат Рахмоновтың командасына жақын дереккөзден нақтылады. Оның айтуынша, спортшының әкесі 2 тамызда қайтыс болған. Бақтыбай Рахманұлы 66 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Қаралы ас бейсенбі, 13 тамыз күні Қарағанды қаласында өтеді.
Жарнама