Шавкат Рахмоновтың қарындасына қатысты өкінішті хабар айтылды

21 қыркүйек 2023 11:25
©instagram.com/rakhmonova____/

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сораның Dana White’s Contender Series үміткерлер турниріндегі алғашқы жекпе-жегі оның жарақаты салдарынан өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты "Вестник ММА" арнасына сілтеме жасап. 

Жарақаттың ауырлық деңгейі туралы әлі ештеңе айтылмады. 

Сора Рахмонова 26 қыркүйек Лас-Вегаста өтетін турнирде UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігі үшін литвалық Эрнеста Карецкайтемен айқасу керек болған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport