Шавкат Рахмоновтың қарындасы қатысатын "Найзаның" соңғы турниріне тікелей көрсетілім

29 желтоқсан 2021 12:25
©NFC

Бүгін, 29 желтоқсан Алматыда Naiza FC лигасының 2021 жылғы соңғы турнирі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кештің басты айқасында қазақстандық спортшылар - Елдар Құдайбергенов пен Серікбай Қожабаев титул үшін жұдырықтасады.

Сонымен қоса, NFC 36 турнирі аясында шаршы алаңға Фаниль Рафиков, Асу Алмабаев пен Сора Рахмонова - UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы шығады.

Жалпы турнир аясында 14 жекпе-жек өтеді, оның алтысы - басты кард.

 NFC 36 турнирін тікелей тамашалауға болады. Трансляцияның басталуы 16:00.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport