Шавкат Рахмоновтың досы UFC-мен келісімшартқа отырды - дереккөз

©Depositphotos

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты "Вестник MMA" телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Әзірге келісімшарттың мән-жайы айтылмады, жалпы келісімнің жасалғаны туралы ресми ақпарат берілген жоқ. 

Айта кетейік, Асу ММА-дегі 19 жекпе-жегінің он жетісінде жеңіске жеткен, ал екеуінде есе жіберді. Мұндағы төрт айқас белгілі Brave FC промоушені аясында өткен (төртеуінде де жеңді). 

Кейінгі жекпе-жегінде Алмабаев Индонезияның Бали аралында өткен Brave CF 66 турнирінде филиппиндік Кеннет Манингатты мерзімінен бұрын жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport