Шавкат Рахмоновтың Джефф Нилге қарсы кездесуі өтпейтін болды

29 желтоқсан 2022 18:23
©instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі америкалық Джефф Нилге қарсы кездесу өтпейтін болды. Бұл туралы Шавкаттың өзі айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Жарақатына байланысты қарсыласым кездесуден бас тартты. Қазір оның орнын кім басатынын күтіп отырмын. Барлығы қарсыласымның деңгейі мен дайындығына байланысты болады. UFC ұйымымен келіссөз жүріп жатыр", - деді Рахмоновтың сөзін Naizadai. 

Айта кетейік, бұл кездесу 2023 жылдың 14 қаңтарында Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 217 турнирінде өтуі керек еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport