Америкалық Mmajunkie.usatoday.com порталы 2020 жылғы UFC-дегі ең мықты 10 алғашқы жекпе-жекті таңдады. Бұл тізімде қазақстандық Шавкат Рахмоновтың айқасы да бар, ол жетінші орында тұр.
Рахмонов қазан айында Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өткен UFC 254 турнирінің кардында бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген.
"Шавкат Рахмонов UFC-мен 2019 жылдың ортасында келісімшартқа қол қойды. Үш кездесуден кейін ақыры промоушенде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бірінші сынақ Алекс Оливейра түрінде ауыр-ақ болды. Қазақстандық бұл сынақтан сүрінбеді, ол жұдырықтасудың жан-жаққтылығын көрсетті. Рахмонов қорғанысты жеңіске айналдырды. Шавкат "гильотинаны" қолданып, бразилиялық "Ковбойды" бірінші раундта жеңді", - делінген мәтінде.