Қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін жартылай ауыр салмақтағы ұйымның бұрынғы чемпионы Камару Усманға (20-3) қарсы өткізуі ықтимал, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдерлік ақпарат бойынша, бұл жекпе-жек қазіргі таңда қарастырылып жатыр. Демек оның өту ықтималы үлкен. Рахмонов UFC рейтингінде алтыншы, ал Усман - бірінші.
Кейінгі айқасында Усман төрешілер шешімімен UFC чемпионы британиялық Леон Эдвардсқа (21-3) есе жіберді. Ал Эдвардс келесі кездесуін америкалық Колби Ковингтонға (17-3) қарсы 22 шілде Лондонда (Ұлыбритания) өткізеді.