Шавкат Рахмоновты алда не күтіп тұрғаны айтылды

21 желтоқсан 12:51
©UFC

Sportskeeda.com жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (18-0) UFC 296 турниріндегі жеңісінен кейін не күтіп тұрғанын болжап көрді, деп жазады Vesti.kz.

17 желтоқсан Лас-Вегаста "Номад" екінші раундта Стивен Томпсонды (17-7-1) қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл америкалық файтердің карьерасындағы бірінші жеңілісі болды. 

"UFC 296 турнирінде Леон Эдвардс Колби Ковингтонды жеңіп, жартылай орта салмақта титулын қорғап қалды. Әлі нақты шешілмегенімен чемпиондыққа келесі үміткер Белал Мухаммад екені айтылуда. 

Осылайша, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегінде нөмірі бірінші үміткер атағы үшін айқасатын болар. Ал ММА-де кез келген дүние болуы мүмкін, сондықтан ерте ме, кеш пе Рахмонов UFC алтыны үшін айқасады", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport