Шведиялық UFC файтері Хамзат Чимаев қазақстандық Шавкат Рахмоновпен әлеуметтік жеілде шекісіп қалғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.
"Шешендер мен қазақтар ежелден бауырлас, баршаңызға денсаулық, бақыт, махаббат, бақ-береке тілеймін, Алла Тағала осы Рамазан айында баршаңызға береке-бірлік нәсіп етсін, әр халықта санасы жоқ адамдар бар, біз де бар жақсылықты тілейміз, Алла Тағала оларды бөле-жармай, халықтарымызды біріктіретін жолға салсын. Иншалла, тезірек Қазақстанға келіп, бауырларымды қуантуға тырысамын", - деп жазды спортшы күтпеген жерден.
Бір күн бұрын UFC файтерлері Шавкат Рахмонов (17-0) пен Хамзат Чимаев (12-0) Instagram желісінде бір уақытта жазба жариялады. Жазбаларына қарағанда, екеуі араздасып қалған сияқты.