UFC-дің жартылай орта салмақтағы америкалық файтеріі Стивен Томпсон (17–9–1) жарақатына байланысты тағы да қатардан ұзаққа шығып қалған бұрынғы қарсыласы - қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (19–0) қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Томпсон Рахмоновтың жағдайына қатысты X әлеуметтік желісінде үн қатып, оған жылы лебізін білдірді.
"Жаңалықтарды жаңа ғана көрдім, көңілім түсіп кетті деуге де келмейді, ішім құлазып тұр. Тізе жарақатының қандай болатынын жақсы білемін. Берілме, тезірек сауығып кет, досым. Барлығы жақсы болады", - деп жазды Томпсон.
Бұған дейін канадалық-америкалық спорт журналисі Ариэль Хельвани Рахмоновтың тізесінен қайтадан жарақат алып, операция жасатқанын хабарлаған еді. Оның мәліметінше, қазақстандық файтер шамамен 9–10 айға дейін октагоннан тыс қалады.
Кейінірек Шавкат Рахмоновтың өзі ресми мәлімдеме жасап, жарақат пен операция туралы ақпаратты растады.