Шавкат Рахмоновқа сыйға элиталы тұрғын үйден пәтер берілді

©DarTeam

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа (17-0) Ақтаудан үй сыйлады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер ел аралап, фан-тур жасап жүр. Ал Ақтауға барған сапарында оған екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Оның салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сыйға алатыны былтырғы шілдеде Ақтауға Naiza мен Eagle FC бірлескен турниріне барғанда белгілі болған.

Сонымен қатар, Рахмоновқа Ақтауда кортеж ұйымдастырылып, сыйға жылқы тарту етілді. Айта кетейік, Шавкатқа бұған дейін бірнеше рет ат мінгізген.

.

Еске салайық, наурызда Рахмонов UFC 285 турнирінің үшінші раундында америкалық Джефф Нилді жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: