Шавкат Рахмоновқа кіммен жекпе-жекке шығу керегі айтылды

©mmafighting.com

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев (17-2) Meta MMA-ге берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың (17-0) жекпе-жекке кіммен шыққаны дұрыс болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Рахмонов америкалық Келвин Гастелуммен жұдырықтасу керек еді, алайда ол жарақат алып қалып, айқас өтпейтін болды. 

- Шавкаттың қазір қарсыласы жоқ - Келвин Гастелум жарақат алды. Кіммен алмастырса болады, Шавкатты кімге қарсы көргің келер еді?

- Шавкат қазір топ-6 тізімде. Бірнеше қадамнан кейін белбеу үшін айқасуға болады. Егер  белбеу үшін жұдырықтасқың келсе, рейтингте өзіңнен жоғарыларды таңдау керек. Бұл UFC, менеджерлердің мүддесінде болады. Халыққа қандай жекпе-жек қызықты болатынына байланысты. Меніңше, Шавкат Колби Ковингтонмен жұдырықтасса қызық болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: